Күндізгі стационар



Күндізгі стационар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы №669 «Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде жұмыс істейді.

 

Күндізгі ствционар бөлімшесінің меңгерушісі

Жақсылық Бейсембекович Медеров.

«Балалар одориноларингологы» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие.

 

 

 

 

 

 

Күндізгі стационар бөлімшесіне жедел және созылмалы аурулары бар балалар жатқызылады, мұндай науқастардың жағдайы тәулік бойы бақылау мен емдеуді талап етпейді, бірақ күндізгі уақытта медициналық және диагностикалық көмек көрсетіледі.

 

Күндізгі стационардың негізгі міндеті – әр түрлі аурулармен тыныс алу жүйесінің аурулары бар балаларға, жақ-бет аймақтары жарақаттарына, тірек-қимыл аппараты, хирургиялық, зәр шығару және ЛОР аурулары бар науқастарға жоғары білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

 

Бөлімшеде облыстық балалар ауруханасының жетекші мамандары жұмыс істейді, барлық дәрігерлер мамандықтар бойынша жоғары біліктілік санаттарына ие. Медициналық медбикелердің жоғары және бірінші санаттары бар, әрдайым ауру балалармен олардың ата-аналарына мұқият және мейірімді.

 

 

 

 

Диагностикалық үдерісте аурухананың барлық мүмкіндіктері пайдаланылады: клиникалық-лабораторлық, биохимиялық, бактериологиялық, иммунологиялық, функционалдық зерттеу әдістері, эндоскопиялық, ультрадыбысты, рентгендік және компьютерлік томография. Қажет болған жағдайда анестезиялогиялық көмек көрсетіледі.

Күндізгі стационардың науқастарына жедел және кешенді ем көрсетіледі, соның ішінде – дәрі-дәрмектік, инъекциялы, инфузия, түрлі процедуралар, физиотерапия, массаж, дене шынықтыру жаттығулары.

Кешенді тексеру мен емдеуді заманауи деңгейде бір жерде қолдану, процедуралар мен манипуляциялардан кейін тынығуды қамтамасыз ету, емдеуші дәрігермен күнделікті байланыс, жоғары білікті мамандардан кеңес алу мүмкіндігі- мұның барлығы  күндізгі стационардың жұмысының амбулаторлық-емханалық көмектің айырмашылығын көрсетеді. 24 сағаттық стационармен салыстырғанда,  күндізгі стационардың артықшылығы – баланы әдеттегі үй жағдайларынан алшақтатпай, «госпитализм » синдромын дамытпау, оң эмоционалды атмосфера баланың емдеу үдерісіне жағымды әсер етеді. Дәрігердің науқас баламен және оның ата-анасымен күнделікті байланысуы емделу мен емдеу процесін дер кезінде реттеуге, науқастың жеке ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

         

Күндізгі стационардағы жұмыс:
– аурухананың мамандандырылған бөлімшелерінің төсек орындарын ұтымды пайдалану;

– науқастың ауруханада болу ұзақтығын қысқарту;

– емдеу және емдеудің жоғары технологиялық әдістерін пайдалана отырып, науқастарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету;тексеру мен емдеу стандарттарын сақтай отырып, жалақы мен азық-түліктің шығындарын азайту арқылы экономикалық тиімділікті алу;
-қол жетімді аумақты және қымбат тұратын медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалану болып табылады.Жыл сайын  бөлімшеде 800-ге жуық әр түрлі аурулармен ауыратын балаларға арнайы мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

Күндізгі стационар бөлімшесіне жатқызылу үшін Сізге төмендегі құжаттар қажет:

  1.  Тұрғылықты жерден эпидемиологиялық медициналық анықтамасы ( 3 күнге ғана жарамды).
  2. Туу туралы куәлікпен оның көшірмесі.

3. Профилактикалық егу туралы анықтама (көшірмесі).

  1. Күндізгі стационарға жолдама (емхана дәрігерінен)

 

 

Share this...
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter