Өмір сыйла -донор бол!

Қан тапсыру — әрбір адамның азаматтық парызы. Қан құю арқылы жылына миллиондаған адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Донор болу — біріншіден, сауапты іс, екіншіден, адамгершілік көрінісі. Өйткені, түрлі дәрежедегі ауруға шалдығып, жазатайым жағдайға тап болған жандар үшін қан тапсырушы донорлардың көмегі ауадай қажет. Осы жайды ескерген облыстық балалар ауруханасының ұжымы игілікті іс-шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Расында, донор қаны — дертіне шипа іздегендер үшін дауа, хал үстінде жатқан жанға өмір сыйлайды. Сол себепті де, қолдан келгенше қайырымды іс жасауға асыққан абзал. Донор болу арқылы өзгеге өмір сыйлау да бақыт емес пе? Таң сәріден қан тапсыруға кезекке тұрған қызметкерлер алдымен қан тобын анықтап, денсаулығын жіті тексертуден өткізді. 50 шақты мекеме қызметкері қатысқан шара өзге маман иелеріне үлгі болады деген сенімде.

Share this...
Share on Facebook
Facebook
Tweet about this on Twitter
Twitter